20.12.2021, 12:10
Оқылды: 35

Португалия 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға вакцина салуды бастады

Португалияда 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға жаппай вакцина салына бастады. Науқанға алдымен 11 жасқа толған балалар қатысады. Жоспар бойынша демалыс күндері 61 мың бала егілуі тиіс. Ал наурыз айының соңына дейін осы жас аралығындағы балалар 100 процент вакцина қабылдамақ.

b41a7136746527bbb1fdd02308461075_L (1)

Бұл үшін Pfizer компаниясынан қосымша 300 мың доза препарат осы айда  жеткізілуі тиіс еді. Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, дәрі тек қаңтарда келмек. Жалпы балаларға егілетін дозаның мөлшері ересектерге қарағанда 3 есеге аз. Айта кетейік, соңғы кездері елде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт арта бастады. Үкімет ауруды шектеу шараларын енгізіп, вакциналау науқанын жеделдетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале