11.04.2026, 10:30
Оқылды: 7

Президент БҚАТУ ғалымына «Парасат» орденін табыстады

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым саласы өкілдерімен кездесіп, бір топ ғалымды Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында марапаттады. Солардың  қатарында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Құрылыс материалдары және технологиялар» ғылыми-зерттеу зертханасының жетекшісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Сәрсенбек Монтаев та бар.

photo_5388562108569556340_y

Президент батысқазақстандық ғалымды «Парасат» орденімен марапаттады. Кездесу барысында сөз алған Сәрсенбек Әлиакбарұлы қазіргі уақытта мемлекет тарапынан ғылым саласына және инновациялық жобаларға айрықша мән беріліп жатқанын атап өтіп, алдағы уақытта да отандық ғылымның әлеуетін көтеруге өз үлесін қосудан күш-жігерін аямайтынын жеткізді. – Әсіресе, ғылымның жетістіктерін коммерцияландыру және өндіріске енгізу толық үдеріс алып келе жатқаны қуантады. Бұл өз кезегінде еліміздің экономикасының дамуына септігін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар мемлекет жас ғалымдарды қолдау мақсатында оларға арнайы гранттар бөлуде. Нәтижесінде ғылым саласына жастардың қызығушылығы артуда, – деді Сәрсенбек Әлиакбарұлы.

photo_5388954754479755856_y

«Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, көрнекті ғалым Сәрсенбек Монтаев Жәңгір хан университетінде 2005 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Сондай-ақ ғалым – әлемнің ең беделді ғалымдарының тізіміне енген қазақстандықтардың бірі.

БҚАТУ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале