Президентіміздің сұхбатын оқып отырған кезде «Ана тілімізге» байланысты дөп сұрақ қойылыпты. Оған берген жауаптан көзімнің шалғаны:
Ерлік Шамғали, «Jastar Ruhy» Жастар қанатының облыстық филиалының белсендісі
- Шығармашыл жастар және креативті индустрия мемлекеттік тілді дамыту ісіне пайдасын тигізе алады. Мемлекет экономикадағы болашағы зор осы саланың өркендеуіне барынша қолдау көрсетеді. Отандық және әлемдік нарықта қаржылық жағынан тиімді әрі сұранысқа ие болатын түрлі контентті қазақ тілінде жасау қажет. Бұл жерде әдебиет, музыка, кино, сериал және компьютер ойындары туралы айтып отырмын,- деген сәтте менің ойыма кеше соңғы 10 күнде жасаған балаларға арналған #ертеңгілік шаралар есіме түсті.
"Баланы-жастан" демекші тілге жанашырлықты бесіктен бастап балалардың санасына осындай қазақша мультикейіпкерлерді әкеліп, батырларымызды кеңінен насихаттасақ бойында рух сонымен қатар елмен тілге деген құрметі арта түсетіні анық.
Голивудтың мен мен деген балалардың ойындағы Геройлары бейнероликте Қазақ батырына қамасы жетпей ойсыра жеңілгенде балалардың эмоциялары мүлдем бөлек болды деребелері қосып Қазақ болып тумағанда нетер ем деп көз ту жоғары көтерілгенде бірге қосыла шырқағанда еріксіз көзге жаста келеді.Жоқ жоқ тіліміздің Қазақ деген рухтың қазақтан қазаққа қанымен беріліп қанша жерден өзге тілде шүлдірлеседе бойына сіңген қасиет екеніне тағы бір көріп марқайдық.
Сөз арасында айта кетейін, дүние жүзінде 7 мыңнан астам тіл бар. Соның ішінде үш мыңнан астам тілге жойылып кету қаупі төніп тұр. Қазақ тілі бұл топқа кірмейді. Ана тіліміз 2024 жылы әлемде ең кең таралған тілдердің арасында 79-шы орынға тұрақтады. Осы ретте күрделі әрі қарама-қайшылыққа толы кеңес заманында ана тілімізді әлемдік лингвистика картасынан жойылып кетуден сақтап қалған зиялы қауым өкілдерінің, ақын-жазушылардың, журналистер мен ғалымдардың, мұғалімдер мен мәдениет қайраткерлерінің, ауыл еңбеккерлерінің, яғни барша отаншыл азаматтардың еңбегін бағалауымыз керек, -деді.