Ресей президенті Владимир Путин 9 мамырда Украинаға қарсы соғыс ашуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың CNN телеарнасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шетелдік телеарна атап өткендей, Путин Жеңіс күнінің символдық мәнін Украинаға қарсы қолданбақ. Путин осы күні ресейлік әскердің Украинадағы жетістігін жария етеді немесе ашық соғыс қимылына барады.
CNN мәліметінше, Путин 9 мамырда соғыстың басталғанын ресми хабарлап, Ресей халқын жігерлендіріп, қоғамдық пікірді өзгертуге тырысады.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайстың айтуынша, Ресей үкіметі 9 мамырда үгіт-насихат мақсатында ресейліктердің Украинадағы арнайы операция туралы ойын өзгертуге күш жұмсайды.
Батыс және Украина шенеуніктерінің айтуынша, шабуыл басталғаннан бері Ресей кем дегенде 10 мың әскерден айырылды. Ресей Қорғаныс министрлігі 25 Наурызда 1351 әскери адамның қайтыс болғанын жеткізген еді.
17:1522.06.2022
АҚШ-та аптап ыстықта көлікте қалып кеткен бала көз жұмды
15:3021.06.2022
Яхтадағы өрт жолаушыларды иттермен суға секіруге мәжбүр етті
14:3014.06.2022
200-ге жуық үндістандық студент Украинадан Қазақстанға ауысуы мүмкін
19:3313.06.2022
Украинада білім алатын үнді студенттері Қазақстанға ауыстырылуы мүмкін
22.06.2022, 17:15
21.06.2022, 15:30
14.06.2022, 14:30
13.06.2022, 19:33