Бүгін Орал қаласы бойынша дәріханалар сөрелеріндегі барлық препараттың бағасын қадағалауды күшейту мақсатында мониторинг жүргізілді.
Бұл шараға «Nur Otan» партиясының Орал қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары және «Ақжайық - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері, БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің фармацевтикалық инспекторы және БАҚ өкілдері қатысты.
Мониторинг барысында орталық базар маңындағы және Сергей Тюленин көшесі бойындағы дәріханаларда дәрілердің бағасы тұрақты екені байқалды. Қала тұрғындары барлық дәріханада орнатылған, тұтынушыларға арналған ақпарат тақтайшасындағы QR-код арқылы дәрілердің шекті бағасын біле алады. Айта кетерлік жайт, осыдан бұрынғы рейдтік бақылау кезінде қаламыздағы 2 дәріхана дәрілердің шекті бағасынан асыра сатқаны үшін заң аясында жазаланған.
Нұртай Текебай,
zhaikpress.kz