Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов UFC-дің жаңа өкілі британдық Майкл «Веном» Пейджбен жекпе-жек өткізгісі келеді, деп жазады Prosports.kz.
Фото: Шавкат Рахмоновтың instagram парақшасынан
Бұған дейін Bellator-да бақ сынаған Пейдж UFC-дегі дебютінде рейтингте топ-5 тізімде тұрған спортшымен жұдырықтасқысы келетінін айтқан.
«6-орында тұрған файтер қалай?», - деп жазды Рахмонов әлеуметтік желіде өзін меңзеп.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов ММА-де 17 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Майкл Пейдж 23 жекпе-жекте 21 мәрте жеңіске жеткен.