24.08.2023, 17:30
Оқылды: 31

Рахмонов UFC-дің жаңа жұлдызымен кездесуге ниетті

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов UFC-дің жаңа өкілі британдық Майкл «Веном» Пейджбен жекпе-жек өткізгісі келеді, деп жазады Prosports.kz.

шавкат

Фото: Шавкат Рахмоновтың instagram парақшасынан

Бұған дейін Bellator-да бақ сынаған Пейдж UFC-дегі дебютінде рейтингте топ-5 тізімде тұрған спортшымен жұдырықтасқысы келетінін айтқан.

«6-орында тұрған файтер қалай?», - деп жазды Рахмонов әлеуметтік желіде өзін меңзеп.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов ММА-де 17 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Майкл Пейдж 23 жекпе-жекте 21 мәрте жеңіске жеткен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале