14.03.2022, 9:30
Оқылды: 18

Ресей Қытайдан әскери және экономикалық көмек сұрады - БАҚ

Ресей билігі Ресейдің Украинаға әскери шабуылын қолдау және экономикалық санкциялардың әсеріне қарсы тұру үшін Қытайдан әскери және экономикалық көмек сұрады. Бұл туралы Finanсial Times, The New York Times және The Washington Post АҚШ үкіметіндегі аты аталмаған дереккөздердің сөзіне сілтеме жасап мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Медуза" порталына сілтеме жасап. photo_95917

Америкалық басылымдардың дереккөздері Мәскеу Украинамен соғыс бастағаннан бері Бейжіңнен әскери техника мен басқа да көмек сұрап жатқанын айтты. FT мәліметінше, Ресейде соғыстың үшінші аптасының ортасында қарудың кейбір түрі таусылады.

CNN де америкалық жоғары лауазымды шенеунікке сілтеме жасай отырып, Ресей Қытайдан Украинадағы операциясына әскери көмек сұрағанын хабарлады.

Қытайдың АҚШ-тағы елшілігінің өкілі Лю Пэнъю Reuters-ке берген сұхбатында Ресейдің мұндай өтініштері туралы ештеңе білмейтінін және Қытай үшін басты міндет - Украинадағы шиеленісті жағдайдың ушығуының алдын алу екенін айтты.

13 наурызда, жексенбіде АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан Қытай Ресейге батыс санкцияларынан болған шығындарды өтеуге көмектесуге тырысса, Бейжің өзі "қиын жағдайда" қалатынын ескертті.

"Біз Қытайдың Ресейге қандай дәрежеде материалдық және экономикалық қолдау көрсететіп жатқанын мұқият қадағалаймыз. Біз Бейжіңге кез келген елдің Ресейге экономикалық шығындарын өтеуге тырысуына жол бермейтінімізді жеткіздік", - деді Салливан CNN-ге берген сұхбатында.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале