Премьер-министр Михаил Мишустин бастаған Ресей делегациясы Нұр-Сұлтанға ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Делегацияны премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды. Содан кейін ол санитария нормаларына сәйкес толық құраммен бірге коронавирусқа қарсы ПТР-сынамасын тапсырды.
Еске салайық, Ресей премьер-министрі 24, 25 ақпанда Нұр-Сұлтанда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына қатысады.
Бұл іс-шараға Армения, Қырғызстан, Қазақстан, Беларусь үкіметтерінің басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қатысады.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанға Беларусь премьер-министрі бастаған делегация келгені хабарланды.