24.02.2022, 17:40
Оқылды: 98

Ресей премьер-министрі Мишустин Нұр-Сұлтанға ұшып келді

Премьер-министр Михаил Мишустин бастаған Ресей делегациясы Нұр-Сұлтанға ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

09

Делегацияны премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды. Содан кейін ол санитария нормаларына сәйкес толық құраммен бірге коронавирусқа қарсы ПТР-сынамасын тапсырды.

10

Еске салайық, Ресей премьер-министрі 24, 25 ақпанда Нұр-Сұлтанда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына қатысады.

Бұл іс-шараға Армения, Қырғызстан, Қазақстан, Беларусь үкіметтерінің басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қатысады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанға Беларусь премьер-министрі бастаған делегация келгені хабарланды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале