«Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 20-сы күнгі күн райы болжамын жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады, елдің солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады.
Тек республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады.
Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік- батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.