17.07.2020, 11:45
Оқылды: 52

Сайтқа кіріп, сауда жасай біліңіз!

Жекелеген азамат-азаматшалардың әлеуметтік желідегі парақшаларынан да көптеген мағлұматтар алуға болады. Сондай пайдалы жазба авторларының бірі – қала тұрғыны Ғайни Аңшыбай.

3B70FE5D-966E-4272-9836-9E95890CF1E3

Қарттық кезеңді мағыналы да әдемі өткізіп келе жатқан адамдардың заманауи қажеттіліктерден қалыспауына еріксіз риза боласыз. Өмір осынысымен – Өмір!

«Сыртқа әлеммен байланыс шектеліп, телефонға байланып отырғанда, сол телефонның сынып қалмасы бар ма?! Алып-ұшып Орал қаласы Мәметова көшесіндегі сервиске (дұрыс қызмет көрсететін орталық) бардық.

Алдында орталық универмагта бутиктердің біріне батарея ауыстыртқанбыз (ондай дүдәмәл бутиктерге бармаңыздар), сонда бүлдіріп тастаған екен.

Хош, сонымен «60 мыңға телефон оңдатқанша, жаңасын алайық» - деп шештік. Сонымен «Ақжол» СО-дағы «Сулпак» дүкеніне бардық, онлайн сауда екен. Бонусымыз да бар еді. Бірінші басып-барламақшы болдық. Сол бонустың көлеміне термос алайық деп едік. Сайтқа кірдік, екі сағат күннің астында тұрып, кеңесші сатушылардан жөні түзу жауап ала алмай, бір күніміз өтті.

Ертеңіне «Әлем плаза» СҮ-дегі «Сулпакқа» бардық. Құлбарақова Жаңылсын деген елгезек кеңесші-сатушы ыждағаттылықпен шаруамызды шешкесін, риза болғандықтан телефонға қоса тағы да керекті заттарымызды алдық.

Мына жүйкелеріңіз жұқарған және 40 градус ыстықта біреулеріңізге пайдасы тиер деп ойыммен бөлісіп отырғаным. Аман болайық, ағайын, ауырмаңыздар, жүйкемізді де сақтайық!» – деп жазба жазыпты қала тұрғыны Ғайни Аңшыбай әлеуметтік желіде.

Ертай Бимұханов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале