Қаңтарды да қазығына қаңтарар күн таяу. Өткенді ой елегінен өткізіп, атқарған істерін саралап, алдағы межелерін айқындай бастаған шығар деген ниетпен Орал қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне хабарластық.
Аз-мұз «етек-жеңін» жинап алуға мұрсат сұраған бөлім басшысы келісілген уақытта қоңырау шалып, «сұрақ – сізден, жауап – бізден» болсын деген сыңай танытты.
Енді сол Жалғас Ғұмаровтың әңгімесінен көңілге түйгенімізді тарқатып көрсек...
Иә, өткен жыл аталған саланы да өз несібесінен құр қалдырмағанға ұқсайды. Ауыл шаруашылығы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 773 млн. теңгеге жетіп, алдыңғы жылмен салыстырған-да 173%-ға артқан. Оның 516 млн. теңгесі меншікті қаражат. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы құны 10,5 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,7% болған (2019 жылы – 9,1 млрд). Яғни өсімдік шаруашылығынан 6,6 млрд. теңге (100,6%), мал шаруашылығы саласынан 3,8 млрд. теңге (107,2%) кіріс кірген. Жалпы, Орал қаласында 56 ауыл шаруашылығы субъектісі тіркелсе, соның 11-і ЖШС, 31-і ШҚ, бесеуі ЖК, екеуі ауыл шаруашылығы кооперативі және біреуі мемлекеттік мекеме (сорт сынау бойынша).
Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №8 санынан оқи аласыздар.
Бауыржан Бисенов,
zhaikpress.kz