9.05.2019, 16:18
Оқылды: 22

Саябақта сарбаз ботқасы берілді

Саябақтағы сарбаз ботқасы Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында Ұлы Жеңіс мерекесіне орай салтанатты шара өтті.

IMG_9786(1)

Облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысқан айтулы мерекеде ардагерлерге арнап дастарқан жайылып, сарбаз ботқасы ұсынылды. Жалпы жұртшылық пен жеңіске жету жолында барын салған ардагерлер қауымын Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев құттықтады. Дастарқан басына жайғасқан қан майданның куәгерлері де өз естеліктерімен бөлісіп, бүгінгі ұрпақ өкілдеріне ізгі тілектері мен ақ баталарын арнады.

IMG_9793(1)

Шара барысы облысымыздың көркемөнерпаздары мен жас балғындардың өнерінен құралған концерттік бағдарламаға ұласты.

Аяужан Кереева

IMG_9775

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале