13.09.2023, 18:00
Оқылды: 82

Сегіз айда ел экономикасы 4,9 пайызға өсті

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтты, деп жазды Ұлттық арна Телеграм-каналында.

D95E76D5-BFBF-4CBF-8EC3-90006F7B47F1

Сурет: egemen.kz

«Биыл қантар-тамыз айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,9 пайызды құрады. Оның ішінде нақты сектор – 4,4, ал қызмет көрсету саласы 4,8 пайызға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,2 пайызды құрады. Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 49, білім беруде – 31,9, саудада – 30,1, ауыл шаруашылығында – 20,7, сондай-ақ өнеркәсіпте – 8,5, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде 5,7 пайызға артты», - деді вице-министр.

Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Маңғыстау, Абай, Түркістан және Павлодар облыстарында байқалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале