24.07.2019, 19:15
Оқылды: 58

Шаһар басшысы «Таза жағалау» акциясына қатысуға шақырды

Бүгін Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев қаладағы базарлар мен сауда орындарының қатысуымен жиналыс өткізді. 

Mukaev

Шаһар басшысы жиынға қатысушыларды, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарын «Таза жағалау» акциясына қатысуға шақырды.

IMG-20190724-WA0073

Айта кетейік, аталмыш акция биыл алтыншы мəрте өткізілгелі отыр. Өзен-көлдердің, бөгендер мен тоғандардың жағалауын көң-қоқыстан тазартып, экологиялық мәселелерге көңіл бөлу мақсатын көздейтін  тазалық акциясына мемлекеттік мекемелер, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы, кәсіпорындар, оқу орындары, сауда орталықтары және жастар қатысады деп күтілуде.

IMG-20190724-WA0070

Дәстүрлі акция 27 шілде күні сағат 9:00-де Чапаев бөгетінен бастау алады. Акция Жайық, Деркөл мен Шаған өзенін қоса алғанда 13 аумақты қамтитын болады.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале