5.03.2022, 17:20
Оқылды: 7

Шапшаңдық пен ширақтық

28 ақпан - 2 наурыз аралығында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экологияорталығының ұйымдастыруымен оқушылар арасындағы «Шаңғы бағдары – 2022» ашық турнирі өтті. Осы күндері жастар мен ересектер арасындағы шаңғымен спорттық бағдарлаудан БҚО ашық кубогі оздырылып, мықтылар анықталды.

EB10E2B1-5B9C-4C18-966D-37921EDF46FB

Жарысқа Сервис және жаңа технологиялар колледжі, Құрманғазы атындағы саз колледжі, Политехникалық колледж, Бәйтерек, Теректі, Бөрлі, Қаратөбе, Ақжайық, Жаңақала, Сырым, Тасқала, Шыңғырлау аудандары мен Орал қаласынан 163 спортшы қатысты. Жарыс «Спринт», «Эстафета», «Шаңғы жарысы», «Орта» қашықтықтарын қамтыды. Шаңғы жолы «Евразия» туристік сауықтыру кешенінің маңайынан  «Алтын Алма» шаруа қожалығының аумағына дейін созылды. Спортшылар жарыстан тыс уақыттарында «Алтын Алма» ШҚ иаумағында орналасқан шағын зооақты аралады. Бәсекеде 11-17 жас аралығындағы ұл-қыздар бақ сынады. Жарыс барысында шаңғышылар  белгіленген межеге тез жету, бақылау нүктелерін ереже бойынша бағындыру, шаңғымен жүру техникасын меңгергендігін таныту арқылы жоғары нәтижеге жетті. Тәжірибелі төрешілер алқасы командалардың спорттық қарым-қабілеттерінің өскендігін айтты. «Шаңғы бағдары – 2022» ашық сайысында  І орынды Бәйтерек ауданы жеңіп алды.  ІІ орынды  Теректі ауданы иеленсе,  Қаратөбе ауданы ІІІ орынды қанағат тұтты.

Жеңімпаз командаларға шағын кубоктар табысталды. Жекелей сында оза шапқандар дипломдармен, медальдармен марапатталды.

– Аталған сайыс – республикалық, халықаралық жарыстарда облысымыздың намысын қорғайтын спортшыларды іріктеу кезеңдерінің бірі. Қазірдің өзінде біздің үйірме тәрбиеленушілерінен
жасақталған құрама команда республикалық жарыстарда үнемі биік тұғырлардан көрініп, әлемдік додаларда ел намысын қорғауға жолдамалар алып жүр. Атап айтар болсақ, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының үйірме мүшесі Жанғожа Бекзат (жетекшісі Фархат Беркінғалиев) биыл 14-22 мамырда Францияда өтетін XІХ Дүниежүзілік жазғы гимназия ойындарына республикалық құра­ма сапында еліміздің намысын қорғау үшін аттанбақ. Жеңімпаздар шаңғымен спорттық бағдарлау бойынша БҚО құрамасына алынды, – дейді спорттық бағдарлау бөлімінің меңгерушісі Райлан Нұрманов.

Нұртілеу Қадырқұл,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале