10.10.2022, 18:49
Оқылды: 104

Шетел азаматтары үшін ЖСН алудың жаңа тәсілдері енгізілді

Шетел азаматтары ЖСН алу үшін арнайы бөлінген күшейтілген халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінеді. Енді Мемлекеттік корпорация осы қызметті  ЦентрКредит Банкі арқылы алу мүмкіндігін іске асырды.

IMG-20221010-WA0083

Кез келген шетел азаматы бизнес жүргізу және қаржылық операцияларды жүзеге асыру үшін ЖСН ала алады.

Орал қаласында ЦентрКредит Банкінің мына мекенжайларда орналасқан бөлімшелерінен ЖСН алуға болады:

• Сарайшық көшесі, 28;

• Н.Назарбаев даңғылы, 184/1;

• Мұхит көшесі, 27/2.

Сондай-ақ, уақытты үнемдеу және халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезектерді болдырмау мақсатында Мемлекеттік корпорация eGov.kz электронды үкімет порталы және Kenes1414Bot Telegram бот  арқылы шетелдіктерге күшейтілген халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекті брондау бойынша қосымша сервис енгізген болатын. Еске сала кетейік, шетелдік азаматтарға ЖСН алу үшін ХҚО-ға қайта жолығудың қажеті жоқ. Дайын құжат өтініште көрсетілген қазақстандық телефон нөміріне жіберіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале