15.12.2016, 13:27
Оқылды: 45

Шипажай бүлдіршіндері Тәуелсіздік тойын тойлады

received_10208532436248183-1Тәуелсіздік тойы еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін ортақ. Батыс Қазақстан облыстық «Ивушка» туберкулезге қарсы балалар шипажайында да «Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте!» атты салтанатты шара өтті.


Шипажайда облыстың әр шалғайынан келген 100-ге жуық бүлдіршін әрі ем алып, әрі демалып, мемлекет қамқорлығын сезінуде. Бүгінгі шараға белсенді қатысып, өнерін ортаға салған өрендердің көңілі өте көтеріңкі болды.
- Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ең қасиетті ұғым! Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – жас ұрпақтың қолында! – деді шипажайдың бас дәрігері міндетін атқарушы Әлия Махметова.
Мерекелік шара Мемлекеттік Əнұранмен басталды. Алақанын жүрегіне қойып қосыла шырқаған оқушылар бойындағы бар өнерін ортаға салды.

Салтанатты шара кезінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жыл ішінде еліміздің жеткен жетістіктері жайлы мәліметтер берілді, сурет көрмесі ұйымдастырылып, үздік деп танылған оқушылар сый-сияпатқа бөленді.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале