7.03.2025, 23:00
Оқылды: 369

Шуақты мереке қарсаңында партияластарды құттықтау легі

Халықаралық әйелдер күні мерекесі - алғашқы көктемнің шуақты күндерімен тұспа-тұс келетін шұғылалы мереке. Айтулы мейрам қарсаңында “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында “AMANAT” партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы А.Сафималиев атынан құттықтау хаттары бірқатар нәзік жандыларға табысталды.

WhatsApp Image 2025-03-07 at 19.06.13 (1)

Тасқала аудандық партия  филиалының төрағасы, мәслихат депутаты  Люция Жұбанышқалиева мен партия ардагері Сансызбай Рахимов Тасқала ауылдық округінің аппараты,  “Ақ ниет+” мейрамханасының,  “Тасқала” теміржол станциясының, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің “Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталық” ұжымдарының  қызметкерлерімен кездесіп, құттықтау тілектерін жеткізді. Аталған мекемелерде  кіші қызметкері Меңтай Тимирова, 16 жылдан астам аспазшы Динара Зекенова, 38 жыл теміржол станциясы бойынша кезекші Сауле Базарова, әлеуметтік қызметкер Светлана Тимирова қызметтерін адал атқарып, еңбекқор қызметкерлер ретінде танылып келеді.

WhatsApp Image 2025-03-07 at 19.06.13

Бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан Гусманова Светлана Файзоллақызы алғашқы еңбек жолын 1966 жылы Сырым ауланынлағы  Абай орта мектебінде бастап, 2003 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін үзіліссіз еңбек еткен ардагер ұстаздарымыздың бірі. Алдынан талай талантты шәкірттер түлеп ұшырған ардагер ананы құттықтауға аудандық партия филиалы төрағасы Т.Даргужиев пен ауылдық округ әкімі А.Жакиев, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Қ.Халит қатысты. Мерекеге орай құттықтау лебіздері айтылып, партия филиалы атынан сый-құрмет көрсетілді.

WhatsApp Image 2025-03-07 at 19.06.12

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты С.Идиятов, «AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының төрағасы М.Ибраев және «Подстепный» БПҰ төрағасы Р.Бектемиров  Подстепный ауылында тұратын көпбалалы аналар Фарида Асетова және Айсұлу Хайретдинованы 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, сый-сияпатарын ұсынды.

WhatsApp Image 2025-03-07 at 19.06.11

Мереке қарсаңында сонымен қатар бірқатар жұмысшылар, партяяи мүшелері,бастауыш партия ұйымдарының белсенділері марапатталып, филиалдың Атқарушы хатшысының құттықтау хаттарымен және шағын сыйлықтармен марапатталды.

- Көктем мезгілі аяқ басқан кезде әр санаттағы, өңірдегі, оның ішінде аудандарымыздағы нәзік жандыларға құрмет көрсетіп, жылы лебіздерімізді жеткізуге тырысамыз. Тек мейрамдарда ғана емес, жалпы әйелдер қауымының еңбек ұжымдарындағы қызметін жоғары бағалаймыз. Оның ішінде біздің партияластарымызды осындай сәттерде қолдап, марапаттаймыз. Бұл дәстүрлі кездесулер өз жалғасын табады, - деді облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев.

 Зарина Каирова,

 «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале