Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің бастамасымен Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді. Чемпионатты Шымкент қаласы әкімдігі мен Қазақстандық шахмат федерациясы бірлесіп ұйымдастыруда.
«Шымкент – еліміздің шахмат астанасы» брендін қалыптастыру аясында қолға алынған спорттық сайыс, 2021 жлдың шілде айының 20-30 жұлдызы аралығында өтеді.
Іс шараның мақсаты – халықаралық шахмат аренасында Қазақстанның оң имиджін қалыптасыра отырып, Шымкентті зияткерлік шаһарға айналдыру. Сондай-ақ, шахматтан жаңа таланттарды анықтау.
Айта кетейік, шахматтан жасөспірімдер арасында Жарыс "Black Rock Business" ЖШС-нің және Air Astana, Allur Auto, Сарыарка АвтоПром, AIFC компанияларының демеушілігімен өтеді.
Жалпы сайыстың жүлде қоры 2 880 000 теңгені құрайды. Жеңімпаздар шахматтан әлем және Азия чемпионаттарының жолдамасына ие болмақ. Ал чемпионаттың талап-ережелерімен Қазақстан шахмат федерациясының kazchess.kz ресми сайтынан танысуға болады.