1.07.2021, 13:31
Оқылды: 136

Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің бастамасымен Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді. Чемпионатты Шымкент қаласы әкімдігі мен Қазақстандық шахмат федерациясы бірлесіп ұйымдастыруда.

Шым

«Шымкент – еліміздің шахмат астанасы» брендін қалыптастыру аясында  қолға алынған спорттық сайыс, 2021 жлдың шілде айының 20-30 жұлдызы аралығында өтеді.

Іс шараның мақсаты – халықаралық шахмат аренасында Қазақстанның оң имиджін қалыптасыра отырып, Шымкентті зияткерлік шаһарға айналдыру.  Сондай-ақ, шахматтан жаңа таланттарды анықтау.

Айта кетейік, шахматтан жасөспірімдер арасында Жарыс "Black Rock Business" ЖШС-нің және Air Astana, Allur Auto, Сарыарка АвтоПром, AIFC компанияларының демеушілігімен өтеді.

Жалпы сайыстың жүлде қоры 2 880 000 теңгені құрайды. Жеңімпаздар шахматтан әлем және Азия чемпионаттарының жолдамасына ие болмақ. Ал чемпионаттың талап-ережелерімен Қазақстан шахмат федерациясының kazchess.kz ресми сайтынан танысуға болады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале