Спутниктен түсірілген суреттерде КХДР-дағы ядролық кешенде жұмыс басталғаны байқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 38 North сайтына сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, Солтүстік Корея Йонбен ядролық зерттеу орталығы кешеніндегі жұмысты жандандыруы мүмкін. Онда ядролық плутоний өндіру реакторын пайдалануды жалғастыруы мүмкін екені айтылады.
Басылым 5 мегаватт реактордың генератор бөлімінен бу шығып жатқанына назар аударған. Бұл генераторлардың кем дегенде біреуі жұмыс істеп тұрғанын көрсететіні айтылды. Мұндай 5 мегаватт реактор жылына алты келіге дейін плутоний өндіре алады.
Бұған дейін Солтүстік Корея қару-жараққа жарамды уранды байытуға арналған зауытты кеңейткені хабарланған болатын.