26.11.2021, 16:10
Оқылды: 195

Солтүстік Корея ядролық реактор пайдаланды деген күдік айтылды

Спутниктен түсірілген суреттерде КХДР-дағы ядролық кешенде жұмыс басталғаны байқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 38 North сайтына сілтеме жасап.

photo_90322

Портал мәліметінше, Солтүстік Корея Йонбен ядролық зерттеу орталығы кешеніндегі жұмысты жандандыруы мүмкін. Онда ядролық плутоний өндіру реакторын пайдалануды жалғастыруы мүмкін екені айтылады.

Басылым 5 мегаватт реактордың генератор бөлімінен бу шығып жатқанына назар аударған. Бұл генераторлардың кем дегенде біреуі жұмыс істеп тұрғанын көрсететіні айтылды. Мұндай 5 мегаватт реактор жылына алты келіге дейін плутоний өндіре алады.

Бұған дейін Солтүстік Корея қару-жараққа жарамды уранды байытуға арналған зауытты кеңейткені хабарланған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале