22.07.2022, 11:45
Оқылды: 54

Сыбайлас жемқорлық фактісін хабарлаған үш алматылық 640 мың теңге сыйақы алды

Сыбайлас жемқорлық фактісін немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен азаматтарға ынталандыру сыйлығы беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменттің мәліметінше, азаматтардың 1424 сall-орталығына сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауы — сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сенім арттыруда ерекше рөл ойнайды.

«1424 саll-орталықтың операторлары тәулік бойы сыбайлас жемқорлық туралы хабарламаларға және бизнеске жасалған қысымға жауап береді, шағымдарды, пікірлерді қабылдайды, консультациялық көмек көрсетеді» деп хабарлады ведомствода.

Сондай-ақ департаментте хабарлағандай, үстіміздегі жылдың ағымдағы кезеңінде 1424 сall-орталығына 28 өтініш келіп түскен. Оның 18-і «ақпаратты есепке алу кітабында» тіркелді. Олар бойынша қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы аясында жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлық фактісін хабарлаған үш алматылық 640 мың теңге сыйақы алды

Азаматтарды көтермелеу ақпараттың шынайылығы, сондай-ақ, заңды күшіне енген сот үкімі болған кезде ғана жүзеге асырылады.

«Сыйақы сомасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты. Пара немесе келтірілген залал сомасы 1 мың АЕК-тен (3 млн.063 мың теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлама, сыйақы 30-дан 100 АЕК-ке дейін құрайды.

Көрсетілген сомадан артық – сыйақы 10% - ды құрайды, бірақ 4 мың АЕК-тен аспайды (12 млн 252 мың теңге)», - деп мәлімдеді департаментте.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале