3.01.2025, 15:53
Оқылды: 316

«Сындарлы сұқбаттың өне-бойында мемлекеттік сана салтанат құрады» - Мирболат Ерсаев

05a2aac0-e5a3-41cd-b070-2a38c3c4afc8

Мирболат Ерсаев, БҚО тарихи-өлкетану музейінің директоры

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Ана тілі» апталығына берген «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» сұқбаты ел құлағын елең еткізген шынайы тарихи, әрі жылдың басты ірі саяси оқиғасы болды.
Мемлекет басшысы осыдан бес жыл бұрын «Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр» тақырыбына осы басылым бетінде ашық әңгіме жүргізгенде барша әлемнің назары соған ауып, бәрі қазақ тілінен жарыса аударып басқан еді.
Жақсы дәстүр жалғасын тауып, былтырғы ұлу жылының беташар сөзі «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрсе, қазір жұрт жаппай қайтадан «Ана тіліне» бас қойып жатыр.
Бұл – ана тіліміздің асқақтаған мәртебесі.
Тәуелсіз ел мұраты сан ғасырлар бойы ата-бабамызға арман болса, бүгінде әлемдік қауымдастық ашықтан ашық мойындаған ақиқатқа айналды.
Табиғат берген адамзат зердесі тарих толқынында шыңдалады. Сондықтан, өткенге жан-жақты талдау жасап, жарқын болашақ жоында бүгін тағылым алып отыру аса маңызды. Сұқбат беруші тұлға бұны да назардан тыс қалдырмайды. Осыдан тура жүз жыл бұрын Алаш қайраткері Смағұл Сәдуақасов: «Біздің істегелі жүрген ісіміз көптің құлағына естілсін. Жаңа пікіріміз болса, оны біреуге әңгіме ретінде сөйлемей, я болмаса (бұл тіпті жаман) біреуге жасырын айтпай, газет жүзінде талқыға салайық», – деп жазыпты.
Президент: «Газет-журнал оқу – жас кезімнен қалыптасқан дағды. Мен мәліметті телевидение, интернет, әлеуметтік желі сияқты сан алуан ақпарат көздерінен аламын. Жазбаша мәтіндердің мән-маңызын төмендетуге болмайды. Мерзімді баспасөз бәрібір мемлекеттік саясаттан хабар беретін маңызды ақпарат көзі болып қала береді», – деп ағынан жарылады.
Мемлекет басшысы өзі «елге терең ой салу және биылғы жұмысымызға тың серпін беру үшін отандастарыма жолдаған арнайы үндеуім» деп атаған сындарлы сұқбаттың өне-бойында мемлекеттік сана салтанат құрады.
Бұл мемлекетімізді өркендетудің алғышарттары.
Жүрек сырын жайып салған ашық сұқбат бір ғана басылым өкілімен емес, барша қазақстандықтармен болып жатқанын түсінгесін, осынау ел мүддесі жолында күш біріктіргің келеді екен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале