Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта уақытша консулдық есепте 517 адам тұр (елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, студенттер, бизнес өкілдері). Сондай-ақ тұрақты консулдық есепте 1113 адам бар.
Бірақ сандар өзгеруі мүмкін. Қазір көшкісі келетіндер туралы ақпарат жиналуда, – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Айта кетерлігі, Украина аумағында болып жатқан жағдайға байланысты Киевтегі Қазақстан Республикасының елшілігі қазақстандықтарды эвакуациялауды қамтамасыз етеді.
Украинада жүрген Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасының елшілігіне мына мекен жай бойынша хабарласа алады: Киев қ., Ильенко көшесі, 26-үй.
Сенім телефондары: +38 (067) 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 18 58.