30.04.2021, 9:21
Оқылды: 102

Сырымдықтар да атсалыспақ

Облыс бойынша жүзеге асып жатқан «Менің аулам – менің бағым!» жобасына сырымдықтар да белсенді атсалыспақ.

apple-970352_960_720 (1)

Сырым аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Азамат Әйтімовтың айтуынша, жеміс ағаштарын сатып алуға аудан бойынша 18 адам өтініш білдіріп, төлем жасаған. 18 аула 18 түп өрік ағашына, 28 түп алма көшетіне, 8 түп таңқурай мен 13 түп алмұрт көшетіне және 1-2 дана қарақат, шие, алқоры түптеріне тапсырыс берген. «Менің аулам – менің бағым!» жобасы аты айтып тұрғандай, халықты ауласын баққа айналдыруға шақырады. Егер көшет көктеп, ағаш жеміс берсе, ол аулаға сән ғана емес, иесіне пайда да береді.

– Жобаға қатысамын, дуал ішін баққа айналдырамын десеңіз, Сырым аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне тапсырыс беруге болады, - дейді мамандар.

 

Бауыржан Мұстафиев,

Сырым ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале