7.03.2022, 17:50
Оқылды: 132

Тағы 31 қазақстандық Киевтен жолға шықты

Украинадағы Қазақстан Елшілігі 6-7 наурызда 31 адамның Киевтен қауіпсіз шығып кетуіне көмектесті.

220307150828381e

Азаматтардың қалауы бойынша бір бөлігі Львовта қалады.

Елге қайтқысы келетіндер Польшаның Катовице қаласына дейін жолға шығады.

Айта кетейік, жалпы ҚР азаматтарын Украинадан эвакуациялау басталғаннан бері Қазақстанның шет елдердегі мекемелері 553 азаматтың шығуына көмек көрсетті.

Осы күнге дейін Қазақстан азаматтары мінген үш репатриациялық рейс Катовице қаласынан елге ұшып келді.

Қазақстанның 41 жүк көлігі әскери іс-қимыл өршіген Украина аумағынан шығып үлгерді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале