24.03.2022, 12:50
Оқылды: 73

Тағы жеті қазақстандық Украинадан Польшаға жеткізілді

23 наурызда Қазақстанның Украинадағы елшілігі 7 адамға Львовтан Катовицеге жол жүруге жағдай жасады. Бұл туралы елшіліктің Telegram-каналында хабарланды.

3C2111B2-7D91-4848-9435-194A86E85C81

2022 жылдың 23 наурызында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Львовтан Катовицеге (Польша) 7 адамды, оның ішінде 12 және 4 жастағы балаларды, сондай-ақ екі мысық пен бір итті жөнелтуді ұйымдастырды, - делінген елшілік хабарламасында.

25 наурызда Катовицеден Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға дайын гуманитарлық ұшақ ұшады деп жоспарлануда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале