Отырысқа Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан қарулы күштері бас штабтарының бастықтары, Ресей қарулы күштері бас штабы бастығының орынбасары, Ресей Федерациясындағы Тәжікстанның әскери атташесі қатысады.
Төрағалық етуші – Әзербайжан қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – әзербайжан армиясы бас штабының бастығы генерал-полковник Керим Велиев.
Бұған дейін Қырғызстанның қорғаныс министрлігі өз елінің әскери контингенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Тәжікстанда өтетін «Рубеж-2022» оқу-жаттығуына қатыспайтынын мәлімдеген болатын. Онымен қоса, Қырғызстан өз аумағында ҰҚШҰ бітімгерлік контингентінің «Мызғымас бауырластық – 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізуден бас тартты. Оқу-жаттығу 10-14 қазан күндеріне жоспарланған болатын.