12.10.2022, 10:16
Оқылды: 79

ТМД елдері қарулы күштерінің бас штаб басшылары Бакуде кездеседі

 12 қазанда Бакуде Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) мүше елдер Қарулы күштерінің штабтар бастығы комитетінің кезекті отырыс өтеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

221011185552978e

Отырысқа Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан қарулы күштері бас штабтарының бастықтары, Ресей қарулы күштері бас штабы бастығының орынбасары, Ресей Федерациясындағы Тәжікстанның әскери атташесі қатысады.

Төрағалық етуші – Әзербайжан қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – әзербайжан армиясы бас штабының бастығы генерал-полковник Керим Велиев.

Бұған дейін Қырғызстанның қорғаныс министрлігі өз елінің әскери контингенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Тәжікстанда өтетін «Рубеж-2022» оқу-жаттығуына қатыспайтынын мәлімдеген болатын. Онымен қоса, Қырғызстан өз аумағында ҰҚШҰ бітімгерлік контингентінің «Мызғымас бауырластық – 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізуден бас тартты. Оқу-жаттығу 10-14 қазан күндеріне жоспарланған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале