29.03.2024, 17:13
Оқылды: 39

ТМД қалай құрылды?

1991 жылдың 8 желтоқсанында Беловежскіде бас қосқан Ресей, Беларуссия және Украйна басшыларының кездесуі КСРО мемлекетінің ресми жойылуын тездетеді.

жп осень (3)

Ресей Президенті Б.Ельцин, Беларуссия басшысы С.Шушкевич және Украйна Президенті Л.Кравчук қол қойған «СССР-ды құру туралы 1922 жылғы шартты жою және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру жөніндегі» келісім шарты КСРО-ның өмір сүруін тоқтатқан құжат болды.

Онда: «КСРО халықаралық субьектісі ретінде өмір сүруін тоқтатады және геосаяси мәнін жоғалтады» деп белгіленді. «Өзге Одақтас Республикаларға ТМД-ға кіру есігі әрқашанда ашық, бұл негізінен егеменді елдердің экономикалық бағытындағы бірлігі үшін керек» деп мәлімделеді.

Осылайша бір орталықсыз өмір сүре алмайды деп танылған тоталитарлық мемлекет орналасқан құрлықтың 1/6 бөлігі туралы миф жоққа шығарылады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

 zhaikpress.kz

(«Қазақтар». Анықтамалық. А. 2003 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале