Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында қайғылы қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, сондай-ақ Қазақстанның негізгі сыртқы саясаттағы әріптестерімен қарым-қатынасы туралы сұрақтарға жауап береді.
Айта кетейік, бұл мемлекет басшысының қаңтардағы қайғылы оқиғадан кейін беретін екінші сұхбаты. Біріншісі 29 қаңтарда «Хабар» және «Хабар24» телеарналарында көрсетілді. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы қаңтар оқиғасының себептері мен салдары туралы сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ Президент алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның негізгі сыртқы саяси серіктестерімен қарым-қатынастары туралы айтты.