15.05.2024, 18:00
Оқылды: 57

«Тұмар» - 2024 ұлттық телевизиялық байқауына өтінім қабылдау басталды

Қазіргі уақытта отандық БАҚ еліміздегі су тасқынына қарсы іс-шараларды және басқа да жаһандық оқиғаларды халыққа таратып, ерен еңбек етіп жатыр.

Журналистердің қарқынды жұмысын ескере отырып, мәдениет және ақпарат министрлігі 14 мамырдан бастап tvtumar.kz сайтында «Тұмар» - 2024 ұлттық сыйлығына өтінімдерді қабылдау басталғанын жариялады.

InShot_20240515_080527051

Бұл туралы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өтінімдер 10 маусымға дейін қабылданады. Байқауға 2023 жылдың 1 қаңтары мен 2024 жылдың 13 мамыры аралығында қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар бере алады.

«Тұмар» – 2024 байқауының  номинациялары:

  1. Төтенше жағдай кезінде түсірілген үздік репортаж
  2. Үздік әлеуметтік жоба
  3. Үздік ақпараттық бағдарлама
  4. Үздік журналистік зерттеу
  5. Үздік аналитикалық бағдарлама
  6. Үздік өңірлік ток-шоуы
  7. Үздік телесериал
  8. Үздік деректі фильм
  9. Балаларға арналған үздік бағдарлама
  10. Үздік өңірлік телеарна
  11. Үздік тележурналист
  12. Үздік тележүргізуші

Айта кетейік, «Тұмар» ұлттық байқауы алғаш рет 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылған. Байқаудың басты мақсаты – кәсіби қоғамдастықтың бағалауы арқылы қазақстандық телевизиялық индустрияның дамуын ынталандыру.

«Тұмар» ұлттық бәйгесі тарихында 1 800 астам өтінім келіп түсті, 303 журналист пен шығармашылық топ номинанттар тізіміне енді. Бүгінгі күні 84 эксклюзивті мүсінше жеңімпазын тапты.

Бәйге жеңімпаздары жылдағы дәстүр бойынша қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін Тұмар мүсіншесіне және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале