18.04.2022, 9:15
Оқылды: 37

Түркияның денсаулық сақтау туризмі секторының кірісі 10 миллиард доллардан асты

Түркияда емделу әлемнің көптеген елдеріне, әсіресе Еуропалық одақ тұрғындарының арасында өте танымал. Бұл туралы Анталия халықаралық сауықтыру туризмі және білім беру қауымдастығының (UASTED) басшысы Мехмет Канполат мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

220418091602014e

Канполат елдің денсаулық сақтау туризмі секторының кірісі президент Режеп Тайып Ердоғанның 2023 жылға қойған мақсатынан асып түскенін атап өтті.

«Бұл саланың кірісі жылына 10 миллиард доллардан асты», - деді UASTED басшысы.

Ұйым басшысы шетелдіктер Түркияға негізінен тіс емдеу, онкологиялық және эстетикалық ота жасауға келетінін айтты. Сондай-ақ ол соңғы жылдары Түркияда түркітілдес елдерден келген науқастардың көбейгеніне назар аударды.

«Әлемдегі сауықтыру туризмі нарығының көлемі 100 миллиард долларға жетеді. Соңғы он жылдағы инвестицияның арқасында Түркия сауықтыру туризмі саласында алғашқы бестікке енді», - деді Канполат.

Бұл ретте ол Украинада соғыс басталғаннан кейін Түркиядағы емдеу мекемелеріне Ресейден келген науқастардың саны артқанын атап өтті.

«Ресей мен Украина арасындағы соғыс аяқталғаннан кейін бұл елдер азаматтарының Түркияда емделуге деген қызығушылығы жоғары болатынына сенімдімін», - деді UASTED басшысы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале