Ішкі істер органдарында жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссия құрылмақ. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сурет: bugin.kz
«Бірінші негізгі талқылау тақырыбы отбасы-тұрмыстық қатынастар және әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстық жауапкершілікке тарту болды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі», - деді министрлік өкілі.
Оның мәліметінше, жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 68 мыңнан астам хабар келіп түскен.
Алайда, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының 63 пайызы жәбірлеушісіне арыз жазудан бас тартады.
Кездесу барысында тараптар бұл мәселені шешу жолдарын талқылап, тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелерін қарастырды.
«Жиында қаралған екінші маңызды мәселе – заманауи технологиялардың көмегімен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жыл басынан бері еліміздің жолдарында 5 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болып, 744 адам қаза тапты, 6909 адам жарақат алған. Қонақтарға Ішкі істер министрлігінің талдау орталығының мүмкіндіктері көрсетілді. Үшінші мәселе – жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссия құру. Кездесуге қатысушылар өз пікір-ұсыныстарын жеткізді», - деді ол.
15:008.08.2022
Интернет-алаяқтар ел тұрғындарына 7 млрд теңге шығын келтірді
12:3018.07.2022
Жыл басынан бері Қазақстанда қанша көлік ұрланғаны белгілі болды
12:1520.06.2022
Көлікті кепілге қою немесе оны алып тастау онлайн режимде қолжетімді
14:4519.01.2022
ІІМ сенім телефондары: 17 хабарлама полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты болды
8.08.2022, 15:00
18.07.2022, 12:30
20.06.2022, 12:15