Ирактың солтүстігіндегі Найнава провинциясындағы үйлену тойында бірнеше адам қаза тауып, зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Фото: alarabiya.net
"Мосулдың шығысындағы Хамдания округіндегі үйлену залында өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны 450-ден асты", - делінген Қызыл жарты ай хабарламасында.
Al Arabiya телеарнасы Мосул қаласының шығысындағы үйлену залдарының бірінде өрт кезінде қаза тапқандар саны 120-ға жетіп, 200-ден астам адам зардап шеккені туралы мәліметтер келтірген.
Ирак бұқаралық ақпарат құралдары өрт өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған жабық жерде отшашуды қолдану салдарынан болды деген болжамын келтірді.