1.08.2019, 19:54
Оқылды: 55

Үкіметтік емес ұйым өкілдері бас қосты

Облыс әкімі Ғали Ескалиев Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесіп, еркін форматта әңгіме өрбітті. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлыбек Даумовтың айтуынша, облысымызда 655 Үкіметтік емес ұйым тіркелген.

NPO (2)

– Оның 493-і Орал қаласында, 168-і облыс аудандарында жұмыс жасауда. Атап өтетін жайт, олардың 100-ге жуығы белсенді қызмет атқаруда. Жыл санап, өңірдегі азаматтық қоғам институттарының әлеуеті артып келеді. Облыстық, қалалық  және аудандық бюджеттерден мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 912 млн. теңге көлемінде қаражат бөлініп, әртүрлі деңгейлерде мемлекеттік органдармен 14 бағыт бойынша 204 әлеуметтік маңызды жоба іске асырылған. Мемлекет тарапынан азаматтық қоғамның дамуына тиісті жағдай жасалуда, - деді өз сөзінде Нұрлыбек Даумов.

NPO (3)

Дөңгелек үстел басында бас қосқан Үкіметтік емес ұйым өкілдері өздерін толғандырған мәселені ортаға салып, азаматтық қоғамның дамуына қатысты ұсыныс-пікірлерін өңір басшылығының назарына ұсынды.  Жиында әлеуметтік мәселелер, өңіріміздегі мәдениетті, ішкі туризмді дамыту, жастарды Отанды сүюге тәрбиелеу жолдары, отбасылық құндылықтарды насихаттаудың кемшіндігі азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосып жүрген жандардың назарынан тыс қалмады. Әрқайсысын мұқият тыңдаған облыс әкімі Ғали Есқалиев ұсыныс-пікірлердің орындалуына бар мүмкіндікті қарастыратындығын айтты.
NPO (4)

Мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы озара байланыстың маңыздылығына тоқталған өңір басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың жалғаса беретінін жеткізіп, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тиімділігінің сапасын арттыруды тапсырды.

NPO (5)

Басқосу соңында облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов пен "Ақжайық-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Əлия Салиева Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінінің төрағасы Алик Шпекбаевтың алғысхаттарымен марапатталды.

NPO (6)

NPO (8)

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Фото: Т.Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале