1.03.2022, 9:50
Оқылды: 44

Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген алғашқы рейс Алматыға қонды

Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген алғашқы рейс Алматыға қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220301071751756e

Алматының халықаралық әуежайына «Air Astana» әуе компаниясының Airbus A321 ұшағы Украинадан эвакуацияланған Қазақстан азаматтарымен ұшып келді. Ұшақ Польшаның Катовице қаласынан ұшып шыққан болатын.

Әуежайда келген жолаушыларға жедел көмек көрсету қажет болған жағдайда медициналық мамандар кезекшілік етті.

2203010730586038g

Эвакуацияланған қазақстандықтарды Алматы әкімдігі күніне үш рет тамақ берілетін ыңғайлы қонақ үйге орналастырды.

Алматыға келгендердің барлығына уақтылы әрі жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Қала әкімдігі қажет болған жағдайда медициналық мамандардың қызметін, оның ішінде психологиялық көмек көрсетуге дайын.

Қазіргі уақытта Алматыға Украинадан тағы да бір репатриациялық рейс келеді деп күтілуде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале