Украинаның Қазақстандағы елшілігі балаларға гуманитарлық көмек жинап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Украинаның Қазақстандағы елшілігінің әлеуметтік желілерінде Нұр-Сұлтанда азаматтарға гуманитарлық көмек жиналып жатқаны туралы ақпарат пайда болды.
"Бірінші дәрі-дәрмек тиелген ұшақ 3 наурызда, бейсенбіде ұшады. Келесі рейске ең қажетті заттар тиеледі. Қазір балаларға жаялықтар, киімдер және т.б. қажет", - делінген хабарламада.
Елшілік гуманитарлық көмекке қатысты барлық сұрақтар бойынша +7 707 657 82 34 нөміріне хабарласуды сұрайды.