2.03.2022, 12:40
Оқылды: 148

Украинаның Қазақстандағы елшілігі балаларға көмек жиналатынын жариялады

Украинаның Қазақстандағы елшілігі балаларға гуманитарлық көмек жинап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

photo_95346

Украинаның Қазақстандағы елшілігінің әлеуметтік желілерінде Нұр-Сұлтанда азаматтарға гуманитарлық көмек жиналып жатқаны туралы ақпарат пайда болды.

"Бірінші дәрі-дәрмек тиелген ұшақ 3 наурызда, бейсенбіде ұшады. Келесі рейске ең қажетті заттар тиеледі. Қазір балаларға жаялықтар, киімдер және т.б. қажет", - делінген хабарламада.

Елшілік гуманитарлық көмекке қатысты барлық сұрақтар бойынша +7 707 657 82 34 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале