1.10.2024, 22:00
Оқылды: 16

Ұландықтар Ұлы Отан соғысы ардагерін құттықтады

Бүгін Халықаралық Қарттар күніне орай ұландықтар Ұлы Отан соғысының ардагері Вениамин Скаленконың үйіне барып, мерекемен құттықтады.

IMG-20241001-WA0037

Соғыс және еңбек ардагері Вениамин Скаленко бұрынғы Бөрлі ауданына қарасты Бөрлі ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. 1942 жылы Бөрлі мектебінің тоғызыншы сыныбын бітіргеннен кейін 18 жасқа толмастан әскер қатарына алынады. Ол соғыста Прага, Будапешт, Вена, Бруно, Братислав, Варшава қалаларын азат етуге қатысқан.

Мереке қарсаңында ардагерді ҚР Ұлттық ұланының Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және әскери оркестр жеке құрамы құттықтап келді.

- Біз ардагерлерімізді ұлықтауға, құрметтеуге міндеттіміз. Олар осындай құрметке әбден лайықты. Ардагерлеріміздің еңбегі мен ерлігі жас ұрпаққа, Ұлттық ұлан сарбаздарына үлкен өнеге. Жеңіске қосқан үлесі үшін тек рақмет айтамыз деді, – 5517 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесінің бастығы капитан Шыңғыс Валиев.

IMG-20241001-WA0038

Шара барысында Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің әскери оркестрі соғыс жылдарындағы және патриоттық әндерді орындау арқы, ардагерге шексіз алғыстарын жеткізді.

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале