Қазақстандықтарға «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында алғашқы төлемдер түсе бастады.
Бағдарламаға қатысқан балалардың арнайы шоттарына 100,52 доллар түскен.
Балаңыздың ЖСН-ін сәйкес бөлімге енгізу арқылы kids.enpf.kz сайтындағы шотта қаражаттың бар-жоғын тексеруге болады.
Айта өтейік, осы жылдан бастап Ұлттық қорға түсетін инвестициялық табыстың тең жартысы балалардың шотына аударылып, доллармен сақталады.
Бала 18 жасқа толғаннан кейін жинақтарды екі мақсатқа: тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға пайдалана алады.
Ақша аудару жолымен ғана пайдаланылады, қолма-қол берілмейді.
Алдын ала мәлімет бойынша, жоба алғашқы жылдың өзінде 7 миллионнан астам баланы қамтиды.
zhaikpress.kz