20.03.2026, 17:19
Оқылды: 57

Ұлттық спорт күні ерекше тойланды Наурызнама күнтізбесіне сәйкес 20 наурыз – Ұлттық спорт күні аталмыш мереке кең көлемде тойланды

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен ауқымды мерекелік шара «ЖайықАрена» кешенінде ұйымдастырылды. Ұлттық дәстүр мен заманауи технологияны ұштастырған ерекше форматтағы кеш көрерменге ерекше әсер сыйлады.

IMG-20260320-WA0103

Іс-шара барысында алаң бірнеше тақырыптық аймаққа бөлініп, келушілерге ұлттық мәдениет пен спорттың сан алуан түрі ұсынылды. Мереке жарапазан айтумен басталып, өнерпаздар жиналған қауымды Наурыз мейрамымен құттықтады.

IMG-20260320-WA0107
Спорт аймағында қазақтың дәстүрлі спорт түрлерінен тартысты жарыстар өтті. Қатысушылар гір көтеру, садақ ату, тоғызқұмалақ, асық ату, «Толағай» алыптар сайысы және қазақ күресінен бақ сынады.

IMG-20260320-WA0109Әсіресе «Толағай» сайысы көрермендер арасында үлкен қызығушылық тудырып, қатысушылардың күш-жігерін айқын көрсетті.
Бағдарлама аясында «NatRoboCom» ұлттық роботтар жарысы ұйымдастырылып, роботтар арқан тарту және асық ату сынды ұлттық ойындарда бақ сынады.

IMG-20260320-WA0101

Сонымен қатар «робоқызқуу» және «робоақсүйек» көрсетілімдері ұлттық ойындарға заманауи сипат берді. «Qadam AI» платформасының мүмкіндіктері таныстырылып, жасанды интеллект негізінде адамның қозғалысын бағалау жүйесі көпшілікке көрсетілді.
Қолөнер аймағында ұлттық өнер туындылары көрмеге қойылып, келушілер киіз басу, ағаш ою, зергерлік бұйымдар мен кесте өнерімен танысты.

IMG-20260320-WA0104

Сондай-ақ шеберлік сағаттары өтіп, қамшы өру мен ат тағалау сияқты дәстүрлі кәсіптер көрсетілді. Ал дәм аймағында Наурыз көже, бауырсақ, бешбармақ, қазы, құрт және ірімшік секілді ұлттық тағамдар ұсынылды.

IMG-20260320-WA0110

Мерекелік кеш «Бабалар ізімен» ұлттық спорт лигасының салтанатты ашылуына ұласты. Бұл жоба ұлттық спорт түрлерін дамытуға және жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды бастама.

Түгелбай Бисен,

"Жайық пресс"

фото Ернұр Файзолла

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале