10.08.2021, 15:41
Оқылды: 205

Ұлы халықтың - ұлы Абайына құрмет

Бүгін, 10 тамыз қазақтың ұлы ақыны, хакім Абайдың туғанына 176 жыл толды. Ұлы ақын, философ, композитор, қоғам қайраткері, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, реформатор Абай Құнанбайұлының туған күніне орай облыс көлемінде бірнеше айшықты шаралар ұйымдастырылды.
Кеше Орал қаласындағы Жастар шығармашылық орталығының орындаушысы Дамир Сатыбалдиев қазақтың біртуар ақыны Абай Құнанбайұлының туған күніне арнап қала тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлады. Әнші облыстық филармонияның балконында тұрып, Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін әуелетті. Кешкі серуенге шыққан халық әдемі әнге шынайы қуанып, орындаушыға деген ерекше қошеметтерін білдірді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале