18.03.2022, 15:00
Оқылды: 54

Ұлыбритания араб елдерімен мұнай өндіру бойынша келісімге келе алмады - БАҚ

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Сауд Арабиясымен және БАӘ-мен келіссөздердің қорытындысы бойынша мұнай өндіруді арттыру туралы келісімге қол жеткізе алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

IMG-20220318-WA0033

Агенттіктің хабарлауынша, Джонсонның Абу-Даби мен Эр-Риядқа сапары мұнай жеткізілімін қамтамасыз етуге бағытталған. Алайда, британдық премьер-министрдің араб елдеріне сапары сәтсіз аяқталды.

Эр-Риядтағы келіссөздерде Ұлыбритания премьер-министрі Сауд Арабиясы өндірісті ұлғайта ма деген сұраққа жауап беріп, өзі де қосымша сұрақ қойды.

"Менің ойымша, бұл туралы саудиялықтармен сөйлесуіңіз керек. Бірақ мен әлемдік мұнай және газ нарықтарында тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттілігі туралы түсінік болды деп санаймын", - деп жауап берді Джонсон.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Абу-Дабидегі кездесуде Джонсон энергетикалық нарықты тұрақтандыру үшін бірлесіп жұмыс істеу қажетін атап өтсе де, ол Сауд Арабиясы мен БАӘ көшбасшыларынан нақты жауап алған жоқ.

Дәл осы кездесуге дейін Джонсон әлем елдері Ресейден алатын көмірсутекті шикізаттан бас тартуы керек деп мәлімдеді. Ал Сауд Арабиясы мен БАӘ осы ұстанымды жүзеге асыруға көмектесетін негізгі халықаралық серіктестер бола алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале