23.02.2022, 9:40
Оқылды: 72

Ұлыбритания ресейлік банктер мен кәсіпкерлерге санкция салды

Ұлыбритания Ресейдің бес банкі мен үш кәсіпкеріне, оның ішінде Геннадий Тимченкоға қарсы санкция салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters.com сайтына сілтеме жасап.

photo_94859

Премьер-министр Борис Джонсон Ресейдің бес банкі мен үш кәсіпкерінің кез келген активтеріне және Ұлыбританияға кіруіне тыйым салынатынын айтты.

"Бұл біз жасауға дайын істің алғашқы толқыны, бірінші бөлім", - деді Джонсон.

Джонсонның айтуынша, "Россия", IS Банк, General Банк, Промсвязьбанк және Қара теңіз Банкі санкцияларға ұшырады.

Агенттіктің мәліметінше, санкцияларға ұшыраған кәсіпкерлердің қатарына ресейлік және фин бизнесмені мен қоғам қайраткері, сондай-ақ Владимир Путиннің "жақын досы және одақтасы" Геннадий Тимченко кірді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале