Маврикийде ұлыбританиялық турист дауыл кезінде теңізге кетіп қалған баласын құтқармақ болып өзі ажал құшты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Independent басылымына сілтеме жасап.
Фото: pixabay.com
Дереккөздің ақпаратына сәйкес суға сүңгіген 49 жастағы ер адам аралдың оңтүстік жағалауындағы Помпонетт лагунасында толқындардың арасына түсіп, ғайып болған. Абырой болғанда оның 15 жастағы ұлы жағаға шығып үлгерген.
23 және 24 наурызда ер адамды іздеу жұмысы жүргізілді. Оқиға орнына Жағалау күзеті мен полиция тікұшағы да тартылды. 26 наурызда ұлыбританиялықтың қаза болғаны белгілі болды.
Басылым атап өткендей, қайғылы оқиға ер адам отбасымен бірге Маврикийге келген соң бір күннен кейін болған. Олар 30 наурызда үйіне қайтуы керек еді.