6.09.2023, 11:45
Оқылды: 39

Үш жылда жалған хабар таратқан 115 адам сотталды – ІІМ

Жылына жалған хабарлама таратудан келетін шығын 500 мыңнан 2 млн теңгеге дейін екен. Бұл туралы ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті 1 басқармасы бастығының орынбасары Алмас Талқанбаев мәлім етті.

ЖП Полиция (1)

«Біздің есептеуіміз бойынша жалған шақырту бойынша бір рет шыққанның өзінде 200 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейін қаражат жұмсалады. Ал ірі сауда орталықтарының жұмысы тоқтап қалғанда әрбір сағат сайын миллиондаған теңгеден айырылуы мүмкін. Қылмыстық істерді тергеу барысында мемлекеттің өзіне келтірілген материалдық залалдың өзі жыл сайын 500 мыңнан 2 млн теңгеге дейін екен», - деді Алмас Талқанбаев министрлікте өткен баспасөз мәслихатында. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Сондай-ақ спикер адамдардың аталған әрекетке не үшін баратыны туралы айтты.

«Соңғы 3 жылда жалған хабар таратқан 115 адам сотталды, оның ішінде 15-і кәмелет жасына толмаған. Мұндай әрекеттерге адамдар көбіне мас күйінде, әзіл үшін немесе ештеңе жасамау немесе біржаққа бармау үшін барады. Кейбіреулер кек алу үшін немесе бір ұйымның қызметіне зиян келтіру немесе мектептегі оқу процесін тоқтату үшін жасайды», - дейді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале